ДСҰ жағдайында бизнестің құқықтық ортасы

КАЗГЮУ-дың Бизнес-мектебінде ДСҰ дамыту мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшы, «ДСҰ мәселелері бойынша сараптама орталығы» дербес коммерциялық емес ұйымының (РФ) сараптама бөлімінің басшысы, з.ғ.д. Анаит Смбатянның қатысуымен «ДСҰ жағдайында бизнестің құқықтық ортасы» атты семинар өтті.

Жиырмаға жуық халықаралық құқық сарапшысы, сондай-ақ Бизнес-мектебінің тыңдаушылары мен түлектері ДСҰ жағдайындағы бизнестің проблемалары мен Қазақстанның зияткерлік меншігін талқылаған семинарға атсалысты. Семинарға з.ғ.д., профессор Т.Е. Қаудыров, з.ғ.к. Жанетта Калишева, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директорының орынбасары Асия Ашигалиева және т.б. сарапшылар қатысты.

Сонымен бірге Қазақстанда ДСҰ дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды. Шараның соңында қатысушылар тиісті сертификаттар табысталды. Бизнес-мектеп барлық сарапшыларға тыңдаушылар мен түлектерге семинарға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіреді.