Қазан қаласында (Татарстан) шетелдік тағылымдама


2018 жылғы 14-20 мамыр аралығында КАЗГЮУ Бизнес-мектебінің тыңдаушылары Қазан қаласында шетелдік тағылымдамадан өтіп келген. Тағылымдаманың бағдарламасы «Цифрлық экономика: сын-тегеуріндері мен трендтері» секілді өзекті тақырыпқа арналған. Бұл бағдарлама тыңдаушылардың бар біліктілігі төңірегінде кәсіби қызметі үшін қажетті құзыреттіліктерді жетілдіруге арналған.
Бизнес-мектебінің тыңдаушылары Татарстан Республикасының бірқатар жетекші кәсіпорындарымен және ұйымдарымен танысуға мүмкіндік берген тағылымдама бағдарламасының практикалық бөлігін жоғары бағалады. Тағылымдама барысында тыңдаушылар «Danon» зауытына, Татарстан Республикасының Инвестициялық даму агенттігіне, М7 индустриялық саябағына, Химград, Иннополис, ІТ-паркке барған болатын, ал оқу бөлігі ең көне және ірі жоғары оқу орындарының бірі – Қазан Федералды Университетінде өткен. Оқу кезінде магистранттар Agile әдісінің көмегімен компанияны басқару әдістерімен, ұйымдарда жоспарлаудың заманауи нысандарымен және тәсілдерімен және олардың қолданылу салаларымен, басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарын қалыптастыру, персоналды басқару, ұйымдастырушылық өзгерістер жағдайында білімді басқару тәжірибесімен танысты. Оқу және практикалық сабақ барысында «Case-study» және іскерлік ойындар секілді әдіс-тәсілдер қолданылды.
Тағылымдаманы қорытындылай келе, тыңдаушылар оның жақсы жақтары ретінде тәжірибемен алмасқандарын және іскерлік байланыстарды орнатылғанын белгіледі.

Бағдарламаны игеру нәтижесі бойынша Сертификат табысталды.