PSB Париж бизнес мектебінің өкілі КАЗГЮУ-да дәріс оқыды

КАЗГЮУ Бизнес-мектебінде профессор Ф. Картрайт методология мен зерттеулерді жобалауға арналған дәріс оқыды.

Дәріс DBA бағдарламасының тыңдаушыларына арналғанымен дәріске Университеттің оқытушылары мен қызметкерлері де қатысты.

Филлип Картрайт – PSB Париж бизнес мектебінің құрметті экономика профессоры, «Пол Ньюболд» комитетінің төрағасы, Американың экономикалық қауымдастығының мүшесі, EURO-ның шикізат тауарлары мен қаржылық модельдеу бойынша жұмыс тобының мүшесі, Ұлттық дыбыс жазу және ғылым академиясының қауымдастырылған мүшесі.

Қазіргі уақытта профессордың ғылыми және практикалық мүдделері экономиканың қолданбалы бизнес-зерттеулерінің аясына арналған.