МВА бизнес-мектебі «КАЗГЮУ Университеті» АҚ негізінде 2009 жылдың 1 шілдесінде МВА орталығы ретінде құрылған. 2013 жылдың 2 қыркүйегінде МВА орталығы «КАЗГЮУ» Бизнес-мектебі болып қайта аталды.

Құрылған күнінен бастапбизнес-мектебінде «КАЗГЮУ хабаршысы» журналы шығарылады, оның «Экономикалық ғылымдар» сериясындамұғалімдердің, МВА тыңдаушыларының, магистранттардың және басқа да жоғары оқу орындары ғалымдарының мақалалары үш тілде жаряиланады.

2010 жылы «КАЗГЮУ» АҚ» және «МИРБИС» Халықаралық жоғары бизнес мектебі (Мәскеу) арасында арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды,оның шеңберінде КАЗГЮУ – МИРБИС МВА қос диплом бағдарламасы іске енгізілді.

2011 жылдан бастап КАЗГЮУ Университетінің бизнес-мектебі CEEMAN Орталық және Шығыс Еуропа менеджментін дамыту қауымдастығына кірді.

2013 жылдан бастапшағын МВА бағдарламасы бастау алды, онда бонустық несие жүйесі әрекет етеді, олар алда жоғары білікті отандық әрі шетелдік спикерлер сабақ беретін КАЗГЮУ Бизнес-мектебіне түскен кезде ескеріледі. Шағын MBA шеңберінде біліктілікті арттыру курстары да өткізіледі.

Бизнес-мектеп 2014 жылдың 13 қаңтарында «Іскерлік басқару магистрі» және 13.03.2015  «Іскерлік басқару докторы» мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиялар алды.

2014 жылдың 18 сәуірінде «КАЗГЮУ» АҚ» және Бизнес және халықаралық оқыту университеті

(The University of Business and International Studies/UBIS) арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.

2014 жылдың 26 маусымында «Жоғары оқу орнынан кейінгі бизнес білім алудың инновациялық менеджментті қалыптастырудағы ролі» тақырыбында Халықаралық дөңгелек үстел өтті. 2014 жылдың 30 желтоқсанында «КАЗГЮУ» АҚ және «Қоғамдық денсаулық сақтаудың орталық-азия университеті » ЖШС арасында білім беру қызметтерін көрсету (қашықтықтан білім беру) туралы шартқа қол қойылды. 2015 жылдың 4 сәуірінде Астана қаласы және Ақмола облысы мектептері директорларына арналған «Білім берудегі тиімді көшбасшылық» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. 2015 жылдың сәуір айынан бастап КАЗГЮУ Бизнес-мектебі Іскерлік басқару бакалавры (ВВА), Іскерлік басқару магистрі (МВА), шағын МВА, Орталық Азиядағы Іскерлік басқару магистрі (DBA) бағдарламаларыналға жылжытуда, жинауда және дамытуда,сонымен қатар Орталық Азиядағы ДСҰ бағдарламасын дамытуда эксклюзивті UBIS өкілдігін алды. BBATopUp, MBATopUp бірлескен бағдарламасы бойынша дайындық жүргізілуде.

 

Қазіргі уақытта мына жобалар бойынша дайндық жүргізіліп жатыр:

– «Бизнес – инкубатор», мұнда консалтинг, start-up сатысында жаңадан бастаған кәсіпкерлерге бизнесті«0»-ден құруда және «барлығын қамтып» жүргізуге көмек және қолдау көрсету, сонымен қатар отандық және шетелдік инвесторларды тартуға көмектесу;

– «Бизнес – клиника» – бұл силлабустардың, оқу-әдістемелік кешендердің бизнес сараптамасы, тақырыптар таңдауға және жобалар жазуға көмектесу. Бизнес клиника шеңберінде тыңдаушылардың кейстері мен таныстырымдары жинағын қалыптастыру, сонымен қатар жетекші ғалымдарды, топ-менеджерлерді және басқа да сарапшыларды тарту жоспарланады.

Өзінің 6 жыл қызметі ішінде КАЗГЮУ Бизнес-мектебі 8 топтың түлектерін шығарды, тыңдаушылардың жалпы саны 85 адамды құрады. Қос диплом бағдарламлары бойынша 24 түлек оқуды сәтті аяқтады: 12 түлек МВА КАЗГЮУ -МИРБИС  және 12 түлек МВА  КАЗГЮУ -UBIS аяқтады.  Қазіргі уақытта КАЗГЮУ Бизнес-мектебінде 9 топ оқиды, тыңдаушылардың жалпы саны 92 адамды құрады, олардың ішінде КАЗГЮУ -UBISМВА бағдарламасымен қатар 2 топ оқиды, тыңдаушылардың жалпы саны 35 адам.