КАЗГЮУ  Бизнес-мектебінің қызметі:

КАЗГЮУ Бизнес-мектебі білім беру қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігінің талаптарына сәйкес және алынған МВА мемлекеттік лицензияларының (Іскерлік басқарумагистрі), DBA (Іскерлік басқару докторы)негізінде жүзеге асырады.

Қызметінің негізгі түрі жоғары және орта буындағы мамандарды (менеджерлерді) жоғары оқу орнынан кейінгі Іскерлік басқару магистрі (МВА) жәнеІскерлік басқару докторы (DBA) дәрежесні алуға мүмкіндік беретін жоғары бизнес білім беру бағдарламалары бойынша оқыту болып табылады Бағдарламалар экономиканың жетекші салалары үшін креативті басқарушы кадрларды дайындауды және жетілдіруді көздейді. Оқу интерактивті түрде кейстер мен қарқынды пікірсайыстарды қолданумен өтеді. Сабақтарды жетекші отандық және шетелдік бизнес-жаттықтырушылар жүргізеді, олар тыңдаушылармен өздерінің баға жетпес тәжірибесімен бөліседі.

2011 жылдан бастап КАЗГЮУ  Университетінің бизнес-мектебі CEEMAN Орталық және Шығыс Еуропа менеджментін дамыту қауымдастығына кірді.

КАЗГЮУ Бизнес-мектебіБизнес және халықаралық оқыту университетімен (UBIS), МВА және DBA қос дипломының бірескен бағдарламалары, сонымен қатар шетелдік тәжірибеден өтулер бойынша жемісті ынтымақтасады. Қазіргі уақытта КАЗГЮУ бизнес-мектебінде МВА 2 тобы және DBAKAZGUU-UBIS 1 тобы сәтті оқуда. Сонымен қатар, тыңдаушылар Швейцарияға тәжірибеден өтуге жиі шығады, ол бизнес-тренингтер мен ірі компанияларды аралаудан тұрады.

Бизнес-мектепте «КАЗГЮУ хабаршысы» журналы басылып шығарылады, ондағы«Экономикалық ғылымдар» сериясындамұғалімдердің, МВА тыңдаушыларының, магистранттардың және басқа да жоғары оқу орындары ғалымдарының мақалалары үш тілде жаряиланады

2013 жылы құрылған бизнес-клиникадасараптамалық топтың басқаруымен КАЗГЮУ Бизнес-мектебі тыңдаушылары мен түлектерінің кейстерінің, жобаларды танысытырымдарының қоры қалыптасады.

Қазіргі уақытта «Бизнес – инкубатор» жаңа жобасына дайындық жасалып жатыр, мұнда консалтинг, start-up сатысында жаңадан бастаған кәсіпкерлерге бизнесті «0»-ден құруда және «барлығын қамтып» жүргізуге көмек және қолдау көрсету, сонымен қатар отандық және шетелдік инвесторларды тартуға көмектесу жүзеге асырылады.